Ұстаздар күні құтты болсын!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Бүгін Қазақстан «Ұстаздар күнін» атап өтуде. Ұстаздық қызмет Қазақстанда қашанда ең құрметті мамандық саналады. Халықтың «ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»  деуі де тегін емес.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог және жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы, аудармашы Ыбырай Алтынсарин халқымыздың тарихындағы бас Ұстаз болып қала бермек.

Ыбырай Алтынсариннің тынымсыз еңбегінің арқасында 14 оқу орны ашылды. Оның ішінде төрт екі сыныптық «орталық орыс-қазақ училищелері», бір қолөнер училищесі, екі әйелдер училищесі, бес болыстық мектеп, орыс переселендерінің балаларына арналған екі училище, Орынбор қаласындағы мұғалімдер мектебі бар. Әйелдер білімін ұйымдастырудың басталуына көп еңбек сіңірген.

Оның өз ісіне адалдығының үлгісі мен әйгілі «Кел балалар оқылық» үндеуі әлі күнге дейін педагогтар мен оқушыларға әсер етуде.

Ыбырай Алтынсариннің ізін жалғап, бүгінде әлемдік танымалдыққа ие болған педагогтар да аз емес.

Солардың бірі - Нұр-сұлтан қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернатының математика пәнінің оқытушысы Муамер Гүл Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2000 жылы Муамердің шәкірттері АҚШ-тағы Дүниежүзілік математика олимпиадасында Қытай, Ресей және АҚШ мектеп оқушыларын артта қалдырып, үш алтын медаль жеңіп алды.

Ал,   Семейдегі «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» физика пәнінің жас мұғалімі. Асхат Жұмабеков биыл «Global Teacher Prize» халықаралық сыйлығының финалисті атанды.

Қазақстан мұғалімдерінің жас буыны әлеуметтік желілерді де белсенді меңгеруде. Алматы қаласының мұғалімі Ұлан Үсенов балаларды оқытуға креатив көзқараспен қарайды. Оның Tiktok, Instagram-дағы роликтері оқушылар арасында өте танымал болды, онда жас оқытушы мектеп материалын танымал жапондық анимациялық сериал арқылы түсіндіреді. Тиктокты бағындырған химия пәнінің мұғалімі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.

Бұл отандық білім беру игілігіне өздерінің жасампаздығы мен ынта-жігерін пайдаланатын қазақстандық педагогтардың жетістіктерінің бірнеше мысалы ғана.

Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандық мұғалімдерді мерекемен құттықтайды! Сіздердің ұрпақ тәрбиесі жолындағы ұлы миссияларыңызға сәттілік тілейміз!