Қатар Даму қоры Қазақстанда перинаталды клиника құрылысын қаржыландырады

Қатар Даму қоры Қазақстанда перинаталды клиника құрылысын қаржыландырады

Ү.ж. 10 маусымда Қатар Мемлекетінің Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Әл-Тәнидің Қазақстанға ресми сапары барысында Алматы облысының Әкімдігі мен Қатар даму қоры арасында Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген Батыр кентінде перинаталдық орталық салу туралы Меморандумға қол қойылды.

Осылайша, Қатардың көмегімен Алматы облысында бірегей медициналық техникамен жабдықталған тағы бір заманауи аурухана пайда болады. Бұл халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және оның ішінде әйелдер мен балаларға қолжетімділікті арттыруға күш-жігерді жалғастыруға көмектеседі, сондай-ақ ана мен сәбидің аурушаңдығы мен өлім-жітімін одан әрі төмендетуге ықпал ететін болады.