Қазақстан Елшісі «United Development Co» компаниясының Президентімен кездесті»

Қазақстан Елшісі «United Development Co» компаниясының  Президентімен кездесті»

2021 жылғы 31 мамырда Қазақстанның Елшісі Арман Исағалиев
қатарлық «United Development Co» компаниясының Президенті Ибрахим
Джассим Әл-Осман Фахромен кездесті.
Бұл компания инфрақұрылымдық жобалармен, жылжымайтын мүлікті
дамыту және басқарумен, қонақ үй бизнесімен, теңіз кеме қатынасымен және
т.б. айналысады.
«UDC» Қатарда бірнеше ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырды,
олардың бастысы - Дохадағы «Інжу» жасанды аралы - Шығанақ аймағындағы
ең ірі жылжымайтын мүлік кешені.
Қазіргі уақытта компания «Жиуан» аралын дамыту бойынша жаңа ірі
жобаны жүзеге асыруда, ол әлемдік деңгейдегі тұрғын үй, коммерциялық
және ойын-сауық жобасына айналады.
Елші Ибрахим Әл-Османды Қазақстанға сапармен келуге және
еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін
қарастыруға шақырды.