Қазақстанның Елшісі Қатардың білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұлттық комиссиясының Бас хатшысымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Қатардың білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұлттық комиссиясының Бас хатшысымен кездесті

Ү.ж. 30 мамырда Қазақстанның Дохадағы Елшісі А. Исағалиев
Қатардың білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұлттық комиссиясының
Бас хатшысы доктор Хамда Әл-Сулейтимен кездесіп, екі ел арасындағы
мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру жолдарын талқылады.
Кездесу барысында жоғары және орта оқу орындары арасындағы
ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру,
түрлі мәдени іс-шараларды өткізу, кітаптар шығару және т.б.
уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, тараптар ЮНЕСКО, ИСЕСКО және басқа да ұйымдар
аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.