Қатар Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты дамытады

Қатар Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты дамытады

Ү.ж. 24 ақпанда Қазақстанның Қатардағы Елшісі А.Исағалиев Қатардың Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Ахмад бен Абдалла бен Заид Әл-Махмұдпен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға                                ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің қатарлық әріптесінің жаңа мерзімге қайта сайлануына байланысты құттықтауына жауап ретінде хатын табыс етті.

Елші Консультативтік Кеңестің Төрағасына ү.ж. 10 қаңтарда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны және қорытындысы туралы хабардар етті, сондай-ақ  2021 жылы 15 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарының VII шақырылымдағы жаңа құрамының алдында сөйлеген сөзінде жариялаған саяси жаңғыру мен ары қарай демократияландыру бағытындағы саяси реформалардың үшінші пакетінің негізгі ережелерін жеткізді.

Сондай-ақ, А. Исағалиев Қатар Спикеріне ү.ж қазан айына жоспарланған ел тарихындағы алғашқы парламенттік сайлауды өткізуде табыс тіледі.

Өз кезегінде Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Қазақстан халқын Мәжілістегі табысты өткізілген сайлаумен құттықтап, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды, сондай-ақ Қазақстан басшылығының болашаққа бағдарланған сындарлы саясатын жоғары бағалады.

Кездесуде тараптар өзара сапарларды ұйымдастыру арқылы екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ Қазақстан-Қатар парламенттік достық тобының жұмысын жандандыру мәселелерін талқылады