Қазақстан Елшісі «Widam Food» ұлттық компаниясының Бас атқарушы директорымен кездесті

Қазақстан Елшісі «Widam Food» ұлттық компаниясының Бас атқарушы директорымен кездесті

2021 ж.17 ақпанда Қазақстанның Дохадағы Елшісі А. Исағалиев Қатарға қазақстандық ет өнімдерін жеткізу мүмкіндігін талқылау үшін «Widam Food» ұлттық компаниясының Бас атқарушы директоры Әл Ноубай Салем Әл- Марримен кездесті.

Дипломат Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері, мал шаруашылығы секторының әлеуеті және әлемдік нарықта, оның ішінде Таяу Шығыс елдеріндегі қазақстандық етке деген сұраныс туралы айтып берді. Сонымен қатар, ҚР аумағында сиыр мен қой өсіру бойынша ауыл шаруашылығы жобаларына инвестиция салу, оны Қатарға экспорттау перспективалары қарастырылды.

Соңғы жылдары араб елдерінде қазақстандық ет импортына деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді, бұған біздің ет өнімдерінің осы елдердің нарықтарына жеткізу көлемінің ұлғаюы дәлел. Жергілікті нарықта азық-түлік өнімдерінің, ең алдымен ет өнімдерінің негізгі импортері мен саудагері болып табылатын қатарлық «Widam Food» компаниясы да Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр.

Ү.ж. 3 ақпанда Дохада «Widam Food» пен қазақстандық «Dinara Group» ауылшаруашылық холдингінің өкілдері арасында Қатарға қой мен сиыр етін жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді.