IT-стартаптарды ілгерілету - Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа саласы

IT-стартаптарды ілгерілету - Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа саласы

2021 жылғы 25 қаңтарда Елші А.Исағалиев катарлық «Snoonu» компаниясының басшысы Хамад Мубарак Әл-Хаджримен кездесті, оның барысында «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі алаңында осы компанияның филиалын ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

         «Snoonu» мобильді қосымша арқылы тауарлардың барлық түрлерін жедел және тиімді жеткізу қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ осы қызмет саласында инновациялық шешімдерді енгізуді іс жүзінде қолданатын катарлық алғашқы және ірі компания болып табылады. Қазіргі уақытта «Snoonu» қосымшасын                  7 елде 85 мыңнан астам адам пайдаланады. Компания басшылары бизнесті кеңейту және Азия өңіріне шығу мақсатында Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығына және инвесторларға арналған экономикалық платформаларына (АХҚО, "Astana Hub") назар аударды.

          Хамад Әл-Хаджри Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары деңгейдегі кадрлық әлеуеттің бар екенін, сондай-ақ елімізде құрылған стартаптарды дамыту үшін елде жасалған қолайлы жағдайларды атап өтті.