Қазақстан мен Қатар арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады

Қазақстан мен Қатар арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады

Ү.ж. 20 қаңтарда Елші А.Исағалиев Азаматтық авиация әкімшілігінің басшысы Абдулла бен Нассер Түрки Әл-Субайемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелерді талқылады, олардың бастысы Қазақстан мен Қатар арасында тікелей рейстерді ашу болды. Дипломат Қазақстанда тікелей рейстердің іске қосылуын асыға күтетінін, бұл біздің азаматтарымызға «Qatar Airways» әуекомпаниясының 160 бағыты бойынша саяхаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл қадам сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, бизнес-байланыстарды дамытуға айтарлықтай серпін береді, сондай-ақ туристік ағымды арттырады.

А.Әл-Субаи Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосу Қатар ұлттық әуетасымалдаушысының басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Азаматтық авиация басшысының айтуынша, «Qatar Airways» коронавирус індеті кезінде бүкіл әлемдегі адамдарға үйге жетуіне көмектесіп, бір тәулікке де рейстерін тоқтатпаған. Сонымен қатар, әлемнің барлық әуекомпаниялары секілді, қатарлық тасымалдаушы локдаунның жаппай енгізілуіне және шекараның жабылуына байланысты елеулі қиындықтарға тап болды. Қазіргі уақытта «Qatar Airways» өзінің ұшу желісін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр және жақын арада жаңа бағыттар, оның ішінде Қазақстан да қарастырылатын болады.

Анықтама: 2019 жылдың 7-8 қарашасында Дохада екі елдің авиация билігі «Qatar Airways» компаниясының Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына 7 рейсті, ал Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рейс, сондай-ақ Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режимі аясында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесімен Доха мен екі қазақстандық әуекемелері арасында аптасына 7 жүк рейсін орындауы туралы Меморандумға қол қойылды.

Әуекомпанияның алғашқы инаугурациялық рейсі 2020 жылдың  наурыз айында өтуі керек еді. Алайда жаһандық пандемияның басталуына байланысты ол кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Qatar Airways» компаниясы Қазақстанға жүк рейстерін жүзеге асырады, бұл 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымын 4 есеге арттыруға мүмкіндік берді.