Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль Тани Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевті оның елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Кездесу барысында Әмір екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Елші А. Исағалиевке алғыс айтып, оны Қатар Мемлекетінің жоғары марапаттарының бірі – «Әл-Уажба» орденімен марапаттады және алдағы қызметіне табыс тіледі.
Өз кезегінде Елші жоғары марапат үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қатар басшылығына миссиясын атқару кезеңінде көрсеткен қолдауы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.
Тараптар Қазақстан мен Катар арасындағы байланыстардың стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты түрлі салаларда одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.