
Елші Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бен Әли Әл Маннаимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар коммуникациялар, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және инновациялық технологиялар салаларындағы Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.