
Елші Арман Исағалиев Доха қаласында өткен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) тергеу жұмыстарында жасанды интеллектті қолдану және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған өңірлік оқу курсының ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шараға бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде елімізден келген мамандары қатысып, құқық қорғау қызметі мен киберқауіпсіздік саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.