
Елші Арман Исағалиев Қатардың Муниципалитет министрі Абдулла бен Хамад бен Абдулла Әл-Аттиямен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік қауіпсіздігі және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар аталған бағыттардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге уағдаласты.