24-25 қарашада Қатар астанасында «
Humanity.io: білім берудің өзегіндегі адами құндылықтар» тақырыбына арналған 12-ші Білім берудегі инновациялар бойынша әлемдік саммитке (World Innovation Summit for Education, WISE) Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, Қазақстанның білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттарын таныстырды.