
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Дохаға сапары барысында Қатар Бас прокуроры Иса Әл-Нуеймимен екіжақты келіссөз өткізіп, өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасында сотталған адамдарды беру туралы келісімге, сондай-ақ екі елдің бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.