Елші Қатар Мемлекетінің Ішкі істер жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті
Елші Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Ішкі істер жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Әбділәзиз бен Файсал бен Мұхаммед Әл Тәнимен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелерді талқылап, екі елдің тиісті ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және бірлескен үйлестіру тетіктерін дамыту жолдарын қарастырды.