Елші Aspire Zone Foundation ұйымының атқарушы директорымен кездесті

Елші Aspire Zone Foundation ұйымының атқарушы директорымен кездесті
Елші Арман Исағалиев Aspire Zone Foundation ұйымының атқарушы директоры Абдалла Әл-Наимимен кездесті.
 
Кездесуде спорттық медицина, спортшыларды даярлау және спорт инфрақұрылымын жаңғырту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 
Қазақстан мен Қатарды спорт, инновацияны және салауатты өмір салтын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Тараптар бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы диалогты жалғастыруға уағдаласты.