Еркін Тұқымов Арнаулы өкіл Фейсал Әл Ханзабпен кездесті

Еркін Тұқымов Арнаулы өкіл Фейсал Әл Ханзабпен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнаулы өкілі Еркін Тұқымов Доха қаласында Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрінің Арнаулы өкілі Фейсал Әл Ханзабпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Ауғанстанды өңірлік экономикалық үдерістерге қосуға бағытталған Қазақстан мен Қатардың бірлескен гуманитарлық және инфрақұрылымдық жобаларының перспективасын талқылады.