Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қатар Мемлекеттік қызмет бюросының директорымен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қатар Мемлекеттік қызмет бюросының директорымен кездесті
Астанада өткен халықаралық GovHR форумы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қатар Мемлекеттік қызмет және үкіметтік даму бюросының директоры Саиф Әл-Каабимен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар кадрлық процестердің цифрлық трансформациясы бойынша негізгі бағыттар жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу мен біліктілікті арттыруға арналған электрондық сервистерді дамыту мәселелері талқыланды.