Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті

Қазақстан мен Үндістан стратегиялық  серіктестікті тереңдетуге ниетті

Нью-Дели, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Танмай Лалмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, олар Нью-Делиде, соның ішінде «Орталық Азия-Үндістан» Диалогы аясында өтетін алдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын салыстыруға» тағы бір мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында ҚР Елшісі үнді дипломатын Қазақстандағы әлеуетті инвестициялық жобалармен таныстырды. Т.Лал өз кезегінде Қазақстан экономикасына үнділік инвестицияларды, атап айтқанда, Үндістанның ірі компанияларын тартуға көмектесуге дайын екенін білдірді.

Елдер арасындағы өзара тиімді жан-жақты әріптестікті кеңейтудегі шарттық-құқықтық базаның маңыздылығын айта отырып, әңгімелесушілер қол қоюға дайындау мақсатында қазіргі уақытта тараптар әзірлеп жатқан келісімдердің жобаларын қарауды жеделдету қажеттігі туралы келісті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Елші А.Есқараев пен Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Лал екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуға уағдаласты.