Нью-Дели, 2025 жылғы 8 мамыр – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан СІМ Протокол қызметінің Бас директоры А.Гаурға сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.
Кездесу барысында А.Гаур қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысын қызметке кірісуімен және Нью-Делиге келуімен құттықтап, Қазақстан мен Үндістанның өзара тиімді стратегиялық әріптестікке негізделген бұрыннан келе жатқан достық байланыстары бар екенін атап өтті. Осы тұрғыда ол Үндістан СІМ тарапынан А.Есқараевқа қызметінде болған кезінде және оған жүктелген міндеттемелерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.
Қазақстан Елшісі өз кезегінде көрсетілген қонақжайлылыққа ризашылығы мен Қазақстан-Үндістан екіжақты ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге бар күш-жігерін салуға дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Елшілік мен Үндістан СІМ арасындағы, оның ішінде жоғары және жоғары деңгейдегі сапарларды дайындау және өткізу барысында жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.