Қазақстан Үндістанға тікелей рейстерді көбейтті

Қазақстан Үндістанға тікелей рейстерді көбейтті

Мумбай, 2025 жылғы 24 сәуір – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстаннан шет елдерге әуе рейстерін арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің көмегімен Мумбайда Алматы мен Мумбай арасында тікелей әуе қатынасын ашу рәсімі өтті.  

Қонақтарды қарсы алған «Эйр Астана» әуе компаниясының Бас атқарушы директоры Питер Фостер компанияның Үндістанға қатысты жоспарларымен және Қазақстанның туристік әлеуетімен таныстырды.

Келесі кезекте сөз алған Махараштра Азаматтық авиация департаментінің комиссары Суврита Саксена Мумбай мен Махараштра тұрғындарын Қазақстан сияқты тағы бір туристік бағыттың ашылуымен құттықтаса, Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің өкілдері қонақтарға жалпы Қазақстан-Үндістан байланыстарын нығайтудың әлеуеті туралы айтып берді.

Іс-шараның мәдени бағдарламасында «Астана Балет» театры, «Тенгри» музыкалық тобы және этникалық киімдердің жаңа топтамасын ұсынған дизайнер Айжан Бекқұлова өнер көрсетті.