Мумбайда Қазақстан мен Үндістан арасындағы конфессияаралық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Мумбайда Қазақстан мен Үндістан арасындағы конфессияаралық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Мумбай, 2025 жылғы 24 сәуір – Қазақстанның Үндістандағы Уақытша сенімді өкілі Д.Сейтенов «Somaiya Vidyavihar» ұйымының Президенті Самир Сомайямен (Shri Samir Somaiya) кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне (2025 ж. 17-18 қыркүйек, Астана) шақыруын табыс етті. С.Сомайя Съезге көптеген жылдар бойы индуизм делегациясының басшысы ретінде қатысып келеді.

Сұхбат барысында С.Сомайя Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевқа шақыру жолдағаны үшін шынайы алғысын білдіріп, міндетті түрде қатысатынына сендірді.

Сонымен қатар, үнділік сұхбаттасушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы М.Әшімбаевтың Жас дін көшбасшыларының II форумына (2025 ж. 18 қыркүйек, Астана) шақыруы табысталып, тараптар елдер арасындағы конфессияаралық ынтымақтастықты дамытуға және таяу болашақта Съез Хатшылығы мен «Somaiya Vidyavihar» бастамаларымен Үндістанда бірқатар іс-шара ұйымдастыруға уағдаласты.