Үндістанның ірі компанияларының бірі қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігін қарастыруда

Үндістанның ірі компанияларының бірі қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігін қарастыруда

Нью-Дели, 2025 жылғы 11 наурыз – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың «Ashok Leyland» Үндістан компаниясының Вице-президенті Яш Пал Сачармен кездесуі өтіп, оның барысында ықтимал ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Кездесу барысында компания ресми дистрибьюторлық орталық ашу, сондай-ақ Қазақстанда өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулау арқылы қазақстандық нарыққа шығу перспективаларын зерделеуде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, компания фармацевтика, азық-түлік өндірісі, қорғаныс және қонақжайлылық сияқты салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Ол үшін «Ashok Leyland» компаниясы өз қаражатын тартуға дайын.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі елдің инвестициялық ахуалының негізгі артықшылықтары, сондай-ақ шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, оларды ү.ж. 29-30 мамырда өтетін «Астана» Халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Үндістан тарапы бұл шақыруды қабылдады және форум жұмысына белсенді қатысуға уәде берді.

«Hinduja» тобының флагманы «Ashok Leyland» - Үндістандағы 2-ші ірі коммерциялық автомобиль өндірушісі, әлемдегі 3-ші автобус өндірушісі және 13-ші жүк көлігі өндірушісі. Компанияның штаб-пәтері Ченнайда (Тамилнад штаты) орналасқан. Үндістанда 7 зауыты, Рас-Аль-Хаймда (БАӘ) және Лидсте (Ұлыбритания) автобус зауыттары бар.