Нью-Дели, 2025 жылғы 27 ақпан – 2025 жылдың 25-27 ақпаны аралығында Үндістанның Дели қаласында ересектер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнирге 20-дан астам елден 200-ге жуық спортшы қатысуда. Екі күн бойы балуандар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ категориясында күреседі.
Қазақстан ұлттық құрамасының атынан жарысқа Бекжан Толепов, Жумажан Кожамбеков, Ерсултан Музаппаров, Нурдаулет Жарылғапов, Зарина Сарипова, Рауза Нурмахамметова және Роза Нысантайқызы қатысуда.
Чемпионат барысында көрермендерге зал экрандарынан қазақстандықтардың батылдығы мен сенімділігін, олардың рухының күштілігін, бірегейлігі мен мәдени мұрасын көрсетуге арналған «Kazakhstan Born Bold» медиа науқанының бейнероликтері көрсетілуде. Кампания Қазақстанның қуатты әлеуеті бар, қарқынды дамуы және әлемдік аренада биік мақсаттарға жетуге дайын жарқын тұлғалары бар ел ретіндегі имиджін ілгерілетуге бағытталған.
«Kazakhstan Born Bold» кампаниясы – Қазақстанның әлемдік инвестициялық аренадағы маңызды ойыншы ретіндегі батылдығы мен амбициясының көрінісі. Елдің бірегей тәсілін көрсете отырып, кампания оның бәсекеге қабілетті артықшылықтары мен үлкен әлеуетін логистика мен көлік, жастар мен білім, энергетика мен экология, сондай-ақ туризм мен мәдениет сияқты стратегиялық салаларда көрсетеді. Қазақстан – әлемге жаңа мүмкіндіктер мен табысты болашақ үшін шешімдер ұсынуға дайын ел.