Үндістан-ТМД: Экономикалық даму үшін ынтымақтастық

Үндістан-ТМД: Экономикалық даму үшін ынтымақтастық

Нью-Дели, 2024 жылғы 29 шілде –  Елшілік қызметкерлері Үндістанның ТМД елдерімен су ресурстары, энергетика және инфрақұрылымдық жобалар саласындағы өзара ынтымақтастығы мәселелеріне арналған Дөңгелек үстелге қатысты. «WAPCOS Limited» үндістандық мемлекеттік кәсіпорын ұйымдастырған іс-шараға ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының, Үндістанның атқарушы органдарының және ірі бизнестің өкілдері шақырылды.

Талқылау барысында тараптар экономикалық әлеуетті дамыту үшін аталған салаларда ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық тарап осы кезеңде құрылып жатқан елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау жөніндегі жүйелі жұмыс туралы айтып берді. Сонымен қатар, энергетикалық сектордың инвестициялық әлеуеті таныстырылды, онда ЖЭК-тің ерекше рөлі туралы баяндалды.

Дөңгелек үстел аясында үнді бизнесі Қазақстандағы инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуға шақырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.