Нью-Делиде жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Нью-Делиде жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Нью-Дели, 2024 жылғы 11 сәуір – ҚР Үндістандағы Елшілігі Үндістанның Халықаралық бизнес палатасымен (ICIB) бірлесіп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастық перспективаларын бағалауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға туризм, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT және т. б. салаларда өз қызметін жүзеге асыратын ірі үнді компанияларының 30-дан астам басшылары қатысты.

Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері Қазақстанда бизнес жүргізудің негізгі артықшылықтары туралы хабардар етті. Еліміздің инвестициялық ахуалына, сондай-ақ сауда саласындағы қолда бар перспективаларға ерекше назар аударылды. Әңгімелесу соңында жиналған қатысушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының негізгі баптарымен, сондай-ақ елімізде онымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалармен таныстырды.

Қорытындысы бойынша қазақстандық нарыққа кіру мүмкіндіктерін іздеу бойынша жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.