Қазақстан мен Үндістан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге келісті

Қазақстан мен Үндістан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге келісті

Нью-Дели, 2024 жылғы 5 сәуір – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Паван Капурмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Үндістан екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты форматтағы ынтымақтастық аясындағы алдағы іс-шаралар туралы пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында Н.Жалғасбаев өз әріптесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының негізгі баптарымен, сондай-ақ елімізде онымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалармен таныстырды.