Үндістанға Қазақстанның жастар делегациясының сапары

Үндістанға Қазақстанның жастар делегациясының сапары

2024 жылғы 11 наурыз, Нью-Дели - «Орталық Азия-Үндістан» 1 - Саммиті (2022 жылғы 27 қаңтар) барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 5-13 наурызында Қазақстанның жастар делегациясы Үндістанға сапар жасауда.

Отандық жастар тобының құрамында кәсіпкерлер, журналистер, квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері бар.

Үндістанда болу барысында түрлі қалаларға барудан және бейінді мемлекеттік мекемелердің басшылығымен кездесулерден басқа, қазақстандық жастарды Үндістанның Сыртқы істер министрі С.Джайшанкар қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігінің қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР делегациясы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының жай-күйі және келешегімен танысты.

Үндістанда жастар делегациясының болуы - мұндай екінші сапар, біріншісі 2022 жылдың қарашасында өткен болатын.