Қазақстанның саяси жаңғыруының іске асырылу барысы әлемнің ірі демократиясының астанасында талқыланды

Қазақстанның саяси жаңғыруының іске асырылу барысы әлемнің ірі демократиясының астанасында талқыланды

Нью-Дели, 2024 жылғы 19 ақпан – Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының саяси реформаларына, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртылуына, сондай-ақ биылғы жылы Қазақстанда өтетін халықаралық іс-шараларға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кездесуге ANI News, Hindustan Times, The Economic Times, Pacific1News, Deccane Chronicle сияқты жетекші үнділік БАҚ өкілдері, сондай-ақ Vivekananda International Foundation және Forum for Awareness of National Security сараптамалық орталықтарының сарапшылары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздің 2023 жылғы саяси өмірінің қорытындылары, атап айтқанда, Конституциялық Соттың жұмысы, өткен Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы, экономиканы әртараптандыру және монополиясыздандыру, инфрақұрылымды жаңарту, бизнесті қолдау және инвестициялар тарту туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, үнді аудиториясы Қазақстан мен Үндістан арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегімен танысты.

Қазақстанның 2024 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына  төрағалық етуі аясында еліміздің маңызды бастамалары мен іс-шараларына бөлек тоқталып өтілді.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар, сондай-ақ, алдағы Астана Халықаралық форумының (AIF) негізгі идеялары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері
Съез Хатшылығының кезекті отырысы, сондай-ақ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарға қатысты барлық ақпаратпен таныстырылды.

Дөңгелек үстел соңында барлық шақырылғандарға дипломатиялық миссияның ақпараттық материалдары берілді.