2023 жылғы 27 қазан, Нью-Дели – 24 қазанда Нью-Делиде Қазақстанның Республика күніне арналған салтанатты қабылдау атап өтілді. Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігі ұйымдастырған мерекелік іс-шара «ITC Maurya» қонақ үйінде өтті. Іс-шараның құрметті қонағы Үндістанның Мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лехи болды.
Іс-шараға Үндістан үкіметінің өкілдері, Нью-Делиде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы, ғылым мен мәдениет саласының көрнекті қайраткерлері, іскерлік, мәдени, ғылыми орталар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан азаматтары қатысты.
Өз құттықтау сөзінде Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев ұлттық мерекенің мәніне кеңінен тоқталып, бұл күн Түркі қағанаттары, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірінен бастау алған Қазақстанның ғасырлар бойғы мемлекеттілігінің қайта жаңғыруының символына айналғанын атап өтті. Сондай-ақ Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларға ерекше назар аударылды.
Н.Жалғасбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстар орналғалы бері өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, соның арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп, өзара түсіністік пен достықтың үлгісіне айналғанын атап өтті.
Өз кезегінде Үндістанның Мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі М.Лекхи Үндістан Үкіметі мен елдің бір жарым миллиард халқының барлық тұрғындары атынан барша қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, достық Қазақстан халқына бақыт пен өркендеу тіледі. Сондай-ақ, Қазақстан мен Үндістан ұзақ жылдар бойы стратегиялық әріптестік қатынастарын байланыстырып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көп қырлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бейілділігін білдірді.
Кештің жарқын сәнін «Хан Тәңірі» би ансамблінің әртістері, сондай-ақ белгілі әнші-домбырашы, Алматы қаласы ІІД Мемлекеттік оркестрінің солисі Олег Никитиннің орындауындағы домбыраның сүйемелдеуімен қазақ халық әндері мен билері, сондай-ақ қазақ және шетелдік композиторлардың белгілі шығармаларының орындалуы келтірді. Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына дәстүрлі қазақ тағамдары мен сусындарынан тұратын мерекелік дастархан жайылды.