Қазақстанның Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Ұлттық үйлестірушісі Йоджна Пательмен кездесті

Қазақстанның Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Ұлттық үйлестірушісі Йоджна Пательмен кездесті

2023 жылғы 5 сәуір, Нью-Дели қ. – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев ҮР Сыртқы істер министрлігінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) мәселелері бойынша департаментінің Бас директоры – ШЫҰ жанындағы ҮР Ұлттық үйлестірушісі Йоджна Пательмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ШЫҰ аясында ынтымақтастықты тереңдету жолдары мен Үндістанның ағымдағы жылғы төрағалығы аясында жоспарланған іс-шараларды талқылады.