Үндістан - Орталық Азия: тарихи, мәдени, саяси және экономикалық байланыстар

Үндістан - Орталық Азия: тарихи, мәдени, саяси және экономикалық байланыстар

2023 жылы 1 ақпан, Нью-Дели – ү.ж. 30-31 қаңтарда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі «Үндістан-Орталық Азия: тарихи, мәдени, саяси және экономикалық байланыстар» тақырыбында өткен «Himalaya Hind Mahasagar Rashtra Samuh» 3-ші Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Іс-шара барысында тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ өңір елдерінің Үндістанмен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты көптеген мәселелер қаралды.

Дж.Неру Университетімен ұйымдастырылған және Үндістанның әлеуметтік ғылымдарды зерттеу кеңесінің (ICSSR) қолдауымен өткен халықаралық конференция жұмысына Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген академиялық қауымдастық өкілдерінен басқа, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран және Моңғолиядан келген сарапшылар да қатысты. Іс-шараға шақырылған қонақтардың арасында Үндістанның орталық мемлекеттік органдарының өкілдері де болды.

Қазақстан тарапы Үндістанмен тығыз тарихи және мәдени байланыстарды атап өтіп, іс-шараға қатысушылар назарына Қазақстан Президентімен жүргізіліп жатқан саяси реформалары мен ҚР Парламентінің төменгі палатасына өтетін сайлау туралы, сондай-ақ елдің инвестициялық және туристік тартымдылығына назарын аударды.

Қазақстан Елшілігінің аталған іс-шараға қатысуы Дж.Неру Университетімен жемісті ынтымақтастықтың жалғасы негізінде асырылды.