Самир Сомайяны Марапаттау

Самир Сомайяны Марапаттау

2022 жылы 14 желтоқсан, Нью-Дели – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне белсенді және алғашқы қатысушылардың бірі, «Somaiya Vidyavihar University» университетінің ректоры Самир Сомайямен кездесті.

Ел басшылығының атынан Елші Н.Жалғасбаев Самир Сомаяға форум бастамаларын ілгерілетуге және әлемдегі конфессияаралық диалогты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Конгресстің Құрмет медалін табыс етті.

Сонымен қатар, Елшіліктің Сомайя Видявихар университетімен, оның ішінде бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы одан әрі ынтымақтастығының болашағы талқыланды.