Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты

2022 жылғы 27 қыркүйек, Нью-Дели – Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясымен 1979 жылы белгілеген Халықаралық туризм күнін мерекелеуге арналған іс-шараға қатысты.

Іс-шараны Үндістанның Сауда және технологиялық кеңесі ұйымдастырды және оған Үндістанның мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, іскерлік, мәдени және білім беру топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде қатысушыларды туристік индустрия мен инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде Үндістан азаматтары үшін визалық талаптарды алып тастау, сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу бойынша Қазақстан Үкіметінің жүзеге асырып жатқан шаралармен таныстырды.