
Нью-Дели, 2022 жылғы 3 наурыз – 2022 ж. 3 наурызда Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев «Vibgyor Marvels» Президенті Р.К.Гуптамен және Үнді технологиялық институтының Жаһандық зерттеу бағдарламаларының кеңесшісі С.С.Гунтемен кездесулер өткізді.
«Vibgyor Marvels» өкілдерімен кездесу аясында әңгімелесушілер Қазақстан-Үндістан кәсіпорындары арасында инновациялар мен серіктестікті ілгерілетудің ықтимал жолдарын талқылады.
Үндістанның Мадрас технологиялық институтының өкілдерімен кездесу барысында тараптар жоғары сапалы зерттеулер, үздік білім беру және қоғамға қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықты арттыру бойынша пікір алмасты.