Экономикалық ынтымақтастық бойынша 2-халықаралық конференцияға қатысу

Экономикалық ынтымақтастық бойынша 2-халықаралық конференцияға қатысу

Нью-Дели, 2021 жылдың 20 қыркүйегі – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістан мен ТМД елдері арасындағы серіктестік және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған 2-халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияны 130 мыңнан астам үнді компанияларын біріктіретін PHDCCI сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды. Іс-шараға Үндістанның ғылыми, сараптамалық, іскерлік және медиа топтарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Н.Жалғасбаев өз сөзінде қатысушыларды Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктері мен ел экономикасының басым секторлары туралы таныстырып,  жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерін қазақстандық нарықты белсенді дамытуға шақырды.

Конференция аясындағы өткізілген кездесулер нәтижесінде үнді компанияларының басшылары әлеуетті қазақстандық серіктестермен келіссөздер жүргізу үшін біздің елге баруға ниеттерін білдірді.