Үндістандағы 4-ші халықаралық қолөнершілер сыйлығында Қазақ Страдивариі үздік қолөнерші ретінде марапатталды

Үндістандағы 4-ші халықаралық қолөнершілер сыйлығында Қазақ Страдивариі үздік қолөнерші ретінде марапатталды

21 ақпан 2021 жылы, Нью – Дели - белгілі домбыра шебері Жолаушы Турдығұлов Үндістанда өткен 4-ші Халықаралық қолөнер байқауында Жыл қолөнершісі марапатына ие болды.

Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерге байланысты Қазақстан сыйлығының лауреаты Үндістанға келе алмады.

Жолаушы Тұрдығұлов мырза қазақ мәдениетін сақтауға үлкен үлес қосты. Ол Қазақстандағы шәкірттері бар халық музыкалық аспаптарының жалғыз шебері. 1993 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің сәндік-қолданбалы өнер кафедрасында «Бейнелеу өнері, сурет және ағаш ою» мамандығы бойынша Ағаш ою профессоры болып жұмыс істеді.

2018 жылы зейнетке шығып, өзінің дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптар мектебін ашқан. Онда шебер Қазақстанның ауылдық аудандарынан келген студенттерді тегін оқытады.

Ж.Турдығұлов мырзаның және Қазақстан қолөнершілер одағының атынан арнайы сыйлықты Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі алды.