Үндістанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Әлем балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды

Үндістанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Әлем балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды

2021 жылғы 11 ақпан, Хайдерабад қ. – «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Әлем балалар көзімен»суреттерінің экспозициясын ұйымдастырды.

2020 жылы «Аялаған алақан» қоры Қазақстанның барлық қалаларында осындай көрмелер өткізген болатын. 2021 жылы аталған қор ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің қолдауымен әлемнің түрлі елдерінде көрмелер өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, Үндістан бұл іс-шараны өткізген алғашқы елдердің бірі болды.

Қордың жетекшісі - Рада Хайрушева, жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсеткені үшін көптеген ұлттық сыйлықтардың лауреаты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, сондай-ақ «Тәуелсіздік балалары» бастамасын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Елшілігі жыл бойы осы айтулы оқиғаға арналған түрлі іс-шараларды Делиде және Үндістанның басқа да қалаларында өткізетін болады.

Қазақстандағы ұлттық қоғамдық сенім жиналысының IV отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешім қабылдағанын айта кеткен жөн. «Бұл өткен жолды ұғынуға жақсы себеп. Мерейтой экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау, экология проблемаларын шешу белгісімен өтеді».

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсіміне қатысу үшін Хайдерабад қаласына барған болатын. Іс-шара аясында қазақстандық дипломат өңірдің ресми тұлғаларымен, бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстанның қалыптасуы мен елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуы туралы хабардар етті.