Қазақстанның Үндістандағы достар қатары өсуде

Қазақстанның Үндістандағы достар қатары өсуде

2021 жылғы 10 ақпан, Хайдерабад қ. – Елші Ерлан Әлімбаев үнді мегаполистерінің бірі Хайдерабад қ. танымал үнді кәсіпкері және меценаты Мир Насир Али Хан басқарған Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде қазақстандық дипломат Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығын тойлау уақытында және 2022 жылы тойланатын екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 - жылдығы қарсаңында Үндістанда қазақстандық достар шеңберін кеңейтудің ерекше мәні бар екенін атап өтті.

Елші Е.Әлімбаев Мир Насир Али Хан мырзаның пандемия кезінде Қазақстанның Елшілігіне және азаматтарына үлкен қолдау көрсеткенін атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы Үндістанмен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сол күні ҚР Елшісі 1884 жылы негізі қаланған, Батыс үлгісі бойынша басқарылатын өңірдегі алғашқы қоғамдық ұйымдардың бірі – «Үндістан Низамдар клубы» жанындағы Хайдарабад қаласындағы ең беделді кітапханалардың бірінде Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы ағылшын және хинди тілдеріндегі кітаптар мен баспа басылымдары қойылған «Қазақ әдебиеті залын» ашты.

Осыған орай өткен баспасөз конференциясы барысында қазақстандық Елші жергілікті аудиторияны еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерімен, соңғы саяси реформаларымен, сондай - ақ Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарын қалыптастыру мен нығайтуға қосқан зор рөлі мен үлестерімен егжей-тегжейлі таныстырды.