
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін) №420 сайлау учаскесінде, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі ғимаратында (мекенжайы: Hanuman Road, B47, New Delhi - 110001, India) Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, республикалық референдумға қатысуға заңды негізіңіз бар.
Дауыс беруге қатысу конституциялық құқығын іске асырудың кепілі — Сіздің референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.
№420 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар және Үндістан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін Үндістан Республикасының аумағында жүрген Қазақстан Республикасының әрбір азаматы алдын ала мына деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) келесі электрондық поштаға жіберуі қажет:
consul.kazembassy@gmail.com
тақырыбында «Республикалық референдум» деп көрсету қажет.
Барлық сұрақтар бойынша №420 сайлау учаскесінің телефонына хабарласуыңызды сұраймыз:
+919220718899
+911145555110