
Нью-Дели, 2026 жылғы 16 қаңтар - 11-ші Халықаралық ән және би фестивалі (11th Music and Dance Festival) аясында қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті, іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды болды.
Фестиваль аясында Қазақстан атынан шамамен 68 өнерпаз қатысты. Атап айтқанда, маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі Астана қ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Гәкку» балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры өнер көрсетті.
Іс-шара бағдарламасының ерекше бөлігі ретінде қазақстандық ұжымдардың үндістандық көрнекті музыканттар - Доктор Л.Субраманиам және Кавита Кришнамуртимен бірлескен концерттік қойылымдары ұсынылып, екі елдің музыкалық дәстүрлері арасындағы шығармашылық үндестікті айқын көрсетті.
Концертке Үндістанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ Үндістанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысуы іс-шараға бірлік пен ұлттық мақтаныштың ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Аталған мәдени жоба қазақ-үнді мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық мәдени беделін арттыруға ықпал етті.
Фестиваль аясындағы өнер көрсетулермен қатар, қазақстандық өнерпаздардың гастрольдік сапары жалғасып, алдағы күндері Үндістанның Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында концерттік бағдарламалар ұсыну жоспарланып отыр.