Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының кезекті жылының қорытындылары шығарылды

Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының кезекті жылының қорытындылары шығарылды

Нью-Дели қ., 2025 жылғы 23 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Сиби Джорджбен 2025 жылғы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындылары бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Елші А.Есқараев саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті. Бұл ретте ағымдағы жылдың маусым айында өткен «Орталық Азия - Үндістан» Диалогы аясындағы сыртқы істер министрлерінің 4-ші кездесуінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Қазақ дипломаты экономикалық бағыттағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына айрықша назар аударды. Осы тұрғыда тараптар өнімдер импорты мен экспорты көлемін ұлғайту, сондай-ақ сауда номенклатурасын әртараптандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, туристік алмасуларды арттыру, білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ іскерлік сапарлар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерінде тараптар Хайдарабад пен Ахмедабад сияқты Үндістан қалаларына тікелей әуе рейстерінің географиясын кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық аясында «Орталық Азия - Үндістан» диалогы мемлекет басшыларының күтіліп отырған 2-ші Саммитіне дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Аталған Саммит Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаң болмақ. Осыған байланысты С.Джордж жақын уақытта сыртқы саяси ведомстволар арасындағы кезекті консультацияларды өткізуге дайындықты жеделдетуге дайын екенін білдірді. Бұл консультациялар қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі диалогты тереңдетуге бағытталған нақты практикалық қадамдарды айқындау жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды сақтауға және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен бастамаларды одан әрі ілгерілетуге уағдаласты.