
27 қараша, 2025, Нью-Дели. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі А.Есқараев Үндістанның Пенжаб штатымен ынтымақтастықты дамытуға арналған «CIS Ambassadors' Roundtable» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.
Анықтама: Пенжаб Үндістанның ең дамыған аграрлық аймақтарының бірі болып табылады және дәстүрлі түрде «елдің астығы» болып саналады. Сондай-ақ, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылық өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Штаттың халқы шамамен 31 миллион адамды құрайды.
Іс-шараға Үндістанда аккредиттелген елшілері Пенжаб штатының өнеркәсіп және сауда министрі С.Арора, ҮР Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры А. Кумар және штат Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Қазақстанда Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен бәсекеге қабілетті салық режимін, инвесторларды қорғауды және шетелдік бизнесті қолдаудың арнайы жүйесін қоса алғанда, экономиканы әртараптандыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар қазақ дипломаты ықтимал жан-жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілеп, жергілікті бизнесті Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды. «Бұл ынтымақтастық экономиканы, мәдениетті, білім беруді қоса алғанда, әртүрлі салаларды қамтуы мүмкін және біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуі мүмкін», - деді ол өз сөзінде.
Өз тарапынан С.Арора алға қойылған бастамаларға жоғары баға беріп, штат Үкіметі Қазақстанды өңірдегі негізгі әріптестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Іс-шара 2026 жылдың 13-15 наурызы аралығында Мохали қаласында өтетін 6-шы «Прогрессивті Пенжаб» саммитіне орайластырылып, Қазақстан тарапы оған қатысуға шақырылды.