Нью-Дели, 2025 жылғы 11 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Чаранджит Сингхпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елші қазақстандық тарапты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды. Әсіресе цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту және шетелдік инвестициялар саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.
Ч. Сингх Қазақстан басшылығының саяси бастамаларын жоғары бағалап, Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар озық технологиялар, энергетика, көлік және логистика салаларындағы диалогты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. Тараптар сондай-ақ өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттырудың және ынтымақтастықты әртүрлі деңгейлерде кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап көрсетті.
Сонымен қатар әңгімелесушілер Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара тиімді серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылап, саяси, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтті. Алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық шеңберінде тараптар күн тәртібін практикалық мазмұнмен толықтырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты байланыстарды қолдау және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен бастамаларды ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.