Нью-Дели, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Ескараев Мальдив Республикасының Нью-Делидегі Елшісі, қоса атқарушы ретінде Қазақстан Республикасында аккредитивтелген Айшат Азимамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мальдив арасындағы туризм, сауда және білім беру салаларын қамтитын өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік білдірді.
Тараптар елшіліктер арасындағы тиімді дипломатиялық байланыс пен пікір алмасудың өзара түсіністікті нығайтуда және бірлескен бастамаларды іске асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық күн тәртібін ілгерілету мақсатында тығыз байланыста болуға келісті.