2025 жылғы 21 маусым, Үндістан Республикасы, Нью-Дели. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлері Елші А.Н. Ескараевтың басшылығымен Нью-Дели қаласындағы қазақ дипломатиялық мекеме аумағында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өткізді.
Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылғаннан бері оған 6 миллионнан астам адам қатысты. Шамамен 1,6 миллион жасыл желек отырғызылып, 5,8 миллион шаршы метрден астам жағалау аумағы тазартылды, 1,1 миллион тонна қоқыс жиналды.
«Біз шетелде жүргенімізге қарамастан, Елшілік аумағы –Қазақ Еліміздің бір бөлшегі. Елден тыс жерде болса да, ұлттық бастамаға өз үлесімізді қосу маңызды», – деді Елші А.Н. Ескараев.
«Таза Қазақстан» аясында бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні экологиялық акциясы өткізілуде. Осыған байланысты Елшілік аумағын тазалаумен қатар, шара барысында таза және жасыл қоршаған ортаға деген ұмтылысты бейнелейтін шығыс аршасының (Thuja orientalis) көшеттері отырғызылды.