Қзақастан азаматтарының назарына

Қзақастан азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасының Сирия Араб республикасындағы Консулдығы Сирияда соңғы күндері қалыптасып отырған ахуалды ыждахатпен бақылауда. Консулдық Сирияның жергілікті мемлекеттік құзыретті органдарымен тығыз байланыста. Сириядағы жағдай күннен күнге ушығып барады. Осыған орай Консулдық Сириядағы, әсіресе елдің солтүстік-батысындағы Қазақстан азаматтарын сақтық шараларын мейлінше сақтауға шақырады. Консулдық ҚР азаматтарына шұғыл көмек керек болған жағдайда тиісті қолдау көрсетуге әзірлігін білдіреді. Сонымен қатар, Сириядағы жағдай реттелгенше елден кете тұрудың қисындылығына мән береді.

Консулдықтың байланыс құралдары:

Телефон: +963 943 333 319

WhansApp: +963 943 333 319