Консулдықтың бастамасымен 2024 жылдың 15 қазанында САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Протокол департаментінің директоры Сафуан Баракатпен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны ілгерілету мәселелері талқыланды. Оның ішінде, Дамаскі қаласында орналасқан Әл-Фараби орталығына қатысты келісім мен протокол жобаларына қол қою үшін оны қарастыруды жылдамдату пысықталды.