Мысыр СІМ Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Мысыр СІМ Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Каир, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс МАР Сыртқы істер, эмиграция және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрінің орынбасары, елші Амр Эльджовэйлимен кездесті.

Кездесу барысында А. Жеңіс БҰҰ Бас Ассамблеясының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы қарарының қос авторлығы үшін мысырлық тарапқа алғыс білдірген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер Министрі Мұрат Нұртілеудің МАР Сыртқы істер, эмиграция және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрі доктор Бадр Абделаттиге арналған хатын табыс етті.

Тараптар БҰҰ-ның аймақтық хабы өңірдегі халықаралық күш-жігерді үйлестірудің маңызды алаңына айналатынын растады.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар екі елдің АӨСШК, ИЫҰ, АҚИҰ және т.б. сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдардың жоғары деңгейін атап өтті.

Сонымен қатар, 2025 жылғы ақпанда Астанада өткен саяси консультациялардың 9-шы раунды қорытындыларын іске асырудың маңыздылығы атап өтілді, бұл екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіруге» және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейілділікті растауға мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі екіжақты байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге бағытталған қызығушылық білдіріліп, Қазақстан мен Мысыр арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттілік расталды.