ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ АЛЖИР ПРЕЗИДЕНТІНЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ АЛЖИР ПРЕЗИДЕНТІНЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ

Алжир, 2023 жылғы 10 мамыр – Қазақстанның елшісі Қайрат Лама Шариф «Мурадиа» сарайында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Мәжид Теббунге Қазақстанның Алжирдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыстады.
Кездесу барысында Елші АХДР Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан мен Алжир арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды жандандыруға зор мән беріп отырғанын хабарлады.
Қазақстандық дипломат Президент Әбдел Мәжид Теббунге Әділетті Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Алжир Президенті Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жүргізіліп жатқан оң өзгерістерге жоғары баға берді.